Марал Анарбек сахнада – 25 жыл: «Қамауда қалған арман» моноспектаклін сахналады
Марал Анарбек сахнада – 25 жыл: «Қамауда қалған арман» моноспектаклін сахналады
824
оқылды
Алматыдағы «Алатау» дәстүрлі өнер театрында белгілі актриса, осы күнге дейін жүздеген түрлі концерттің ұйымдастырушысы, сценарист, конферансье Марал Анарбектің киелі сахнада жүргеніне ширек ғасыр толуына арналған «Қамауда қалған арман» атты моноспектакль сахналанды. Шығарманың режиссері және авторы – бұған дейін көпшілікке актер және пародия жасаушы ретінде танымал болып келген Нұржан Тұтов.    width= Шығарма кешке қонағын күтіп отырған Жазираның үйінен басталады. Ары қарай жалғызбасты келіншекпен күтпеген жерден пайда болған, өмірден өз орнын таба алмай жүрген арманшыл Қатира есімді жас қыздың арасындағы диалогпен өрбиді. Бас-аяғы төрт актердің сомдауымен сахнаға шыққан шығармада өмірде бәріміз көріп жүрген, бірақ аса мән бере бермейтін тақырыптар сахна тілімен шынайы түрде көрерменге жетті.    width= Марал Анарбектің өнер әлеміндегі 25 жылдығына арнайы қойылған қойылымнан соң сахна төрінде Халық әртісі Алтынбек Қоразбаев, Роза Рымбаева және әнші Жеңіс Ысқақова құттықтады. Белгілі ұстаз Дариға Тұранқұлова шәкіртіне ақ батасын берді.  width= Сонымен қатар өнер иесінің туған өңірі Жетісу облысы Сарқант ауданынан келген қонақтар Марал Анарбекке өзі туған өңірдің сәлемін жеткізіп, сый-сияпат жасады. Алматы шаһары Мәдениет басқармасының өкілі, қала әкімінің орынбасары Арман Қырықбаевтың құттықтау хатын оқып, ықылас гүлін тапсырды.  width=  width=  width=  width=  width= Айта кетейік, бүгінде шығармашылық ғұмырына ширек ғасыр толған Марал Анарбек ұзақ жылдар еліміздегі іргелі өнер ошақтарының бірі – «Қазақконцертте» концерт жүргізуші, сценарист болып еңбек етті. Алты жылға жуық уақытта Алматыдағы «Алатау» дәстүрлі өнер театрында іргесі қаланған күннен бастап  еңбек етіп келеді. Сонымен қатар бірнеше отандық фильмде түрлі рөльді  айшықты сомдап жүр.

Алматы