Антикор Семейде зауыт директоры кабинетіндегі 2 құпия бөлме көрсетілген видеоға қатысты мәлімдеме жасады
Антикор Семейде зауыт директоры кабинетіндегі 2 құпия бөлме көрсетілген видеоға қатысты мәлімдеме жасады
© видеодан алынды
19 қазанда бұқаралық ақпарат құралдарында «Семей машина жасау зауыты» АҚ директоры кабинетінің бейнежазбасы жарияланды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бейнежазбаға қатысты пікір білдірді. Бейнежазбада директордың кабинетіндегі 2 құпия бөлме көрсетілген. Шкафтың артындағы бөлмелердің бірі бильярд ойнайтын жер болып шықты. Антикордың хабарлауынша, бейнежазбаны «Қазақстан инжиниринг «Ұлттық компаниясы» АҚ басшысы Т.Әбдірахманов түсірген. «Семей машина жасау зауыты - «Қазақстан инжиниринг «Ұлттық компаниясы» АҚ-ның қарамағындағы зауыт. «Қазақстан инжиниринг» Ұлттық компаниясы ұсынған ақпаратқа сәйкес, кәсіпорынның 2015 жылдан бері жинақталған шығыны шамамен 1,9 млрд теңгені құрайды, ал кредиторлық берешектің өсуі 3 млрд теңгеден асты. Осы жылдың ақпан айынан бастап зауытқа қатысты сот шешімімен 5 жыл мерзімге оңалту рәсімі қолданылды. Кредиторлар комитетінің шешімі бойынша,  биылғы 25 қазаннан бастап зауытта аудит басталады», -делінген хабарламада. Қазір осы фактілер бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке ешқандай материалдар мен өтініштер түскен жоқ. «Бұл ретте оңалту және банкроттық кезіндегі заңсыз әрекеттермен, сондай-ақ қасақана банкроттықпен байланысты қылмыстық құқықбұзушылықтар Экономикалық тергеу қызметінің тергеуіне жатады»,- деп қосты Антикор. https://www.youtube.com/watch?v=sigwcPE5h3g