Елордада Республика күніне орай мерекелік отшашу болады
Елордада Республика күніне орай мерекелік отшашу болады
586
оқылды
Астанада демеушілердің қаражаты есебінен Республика күні мерекелік отшашу өтеді, – деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.
«Астанада демеушілік қаражат есебінен Республика күні мерекелік отшашу өтеді. Фейерверк 25 қазан күні сағат 21:00-де қаланың екі жерінде ұйымдастырылады. Атырау көпірі маңында (қала жағалауы) және Ботаникалық бақ аумағында. Ұзақтығы – шамамен 10 минут, яғни 3,5 мың рет атылады», – деді елорда әкімдігінің баспасөз хатшысы Ақмарал Олжабаева.