Атырауда дүкенде әйелді өлтіріп кеткен күдіктіні іздестіріп жатыр
Атырауда дүкенде әйелді өлтіріп кеткен күдіктіні іздестіріп жатыр
Фото: arbat.media
1,113
оқылды
Полицейлер Атырауда дүкенде әйелді өлтіріп кеткен күдіктіні іздестіріп жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz. Атырау облыстық полиция департаментінің мәліметінше, қылмыс 19 қазанда таңғы сағат 07:45 шамасында болған.
«Атырау қаласының Өркен шағын ауданында орналасқан жекеменшік тұрғын үй үйдің ауыласындағы дүкен ішінде әйел адамды қылғындырып өлтірген. Әйел адам 1963 жылы туған. Осы дерекке байланысты Қылмыстық кодексінің 99-бабының 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталды», – деді департамент өкілі.
Адам өлтірген күдікті әлі ұсталған жоқ. Қазір полиция қызметкерлері адам өлтірген күдіктіні анықтау, ұстау үшін жедел іздестіру іс-шарасын жүргізіп жатыр. Күдікті үйден алтын, әшекей бұйымдарды, ақша мен өзге де заттарды ұрлап кеткен деген дерек бар.