Атырауда атыстан бір адам мерт болып, 2 адам жарақат алды
Атырауда атыстан бір адам мерт болып, 2 адам жарақат алды
Көрнекі фото: pixabay.com
425
оқылды
Атырауда атыстан бір адам мерт болды. Екі адам оқ жарақатымен ауруханаға түсті, –деп хабарлайды қалалық Полиция департаменті. Оқиға бүгін, 21 қазанда түнде Атырау қаласында болған. «Атырау қалалық полиция басқармасының 102 операторына сағат 04:14 шамасында облыстық ауруханадан кеудесінде оқ жарақаты бар ер адамның мәйіті жеткізілгені туралы хабар түсті. Оқ жарақатынан мерт болған адамның жасы 21-де. Сонымен қатар ауруханаға 18 және 19 жастағы екі адам оқ жарақатымен жеткізілген. Олар оқ бытырасынан жарақат алған. Қазір екеуі де облыстық ауруханада жатыр», – деп мәлім етті департаменттің баспасөз қызметі. Атыс Атырау-2 шағын ауданында бір топ жігіттің арасында өзара келіспеушіліктен соң болғаны анықталды. Қақтығысқа қатысқан барлық адам анықталып, ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталды. Өзге ақпарат ҚР Қылмыстық процестік-кодексінің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды.