Мәжіліс Спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен Палата бюросы өтіп, онда алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды.
Депутаттар жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры шеңберінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді цифрландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын бірінші оқылымда талқылайтын болады.
Заң жобасында мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде лауазымды тұлғалармен жер құқықтық қатынастары субъектілерінің өзара іс-қимылын қысқарту мақсатында жер учаскелеріне құқықтар берудің электронды форматын енгізу ұсынылады.
Сонымен қатар Мәжіліс депутаттары «Ерекше тауарларды бақылау туралы» заң жобасын екінші оқылымда қарайтын болады.