Кітапханашылар күткен күн
Кітапханашылар күткен күн
912
оқылды
Биыл елімізде алғаш рет 24 қазан – Кі­тап­ханашылар күні атап өтіледі. Бұл ме­рекені рухани әлемнің дамуына үлес қо­сып жүрген кітапха­на­шылар ғана емес, оқыр­мандар да асыға күткен еді. Себебі соң­ғы жылдары кітапхана­шылардың ең­бегі ескерусіз қалды. Енді мерекемен бір­ге мамандықтың мәртебесі де қайта тү­легендей. Адам жанының рухани азығы саналатын кі­таптың күтімімен айналысатын мамандық иеле­рінің мәртебесін кө­теру дамыған елдерде бұрыннан жолға қойыл­ған. Мы­салы, Голливуд «Кітап­ханашы» (The Librarian) атты фильм­дер сериясын түсірді. Ре­жис­серлер Джонатан Фрейкс пен Питер Винтер әр жылдары тү­сірген кинотуындыларында кі­­тап­­ханашыларды «әлем құтқа­рушылары» ретінде көр­сеткен. Осылайша, дамыған елдер кітап пен кі­тапха­на­шылардың қоғам үшін маңызын ай­шықтап берді. Ал біздегі жағдай керісінше. Кітап­ханашылардың жалақысы төмен, мәртебесі техни­калық персоналға тең. Сонымен бірге олар жүк түсіруші, сұрыптаушы, курьер, сан алуан бұқаралық іс-шараларды ұйымдастырушы, баспасөз хатшысы секілді ақысы төленбейтін қызметтерді қоса атқаруға мәжбүр. Тек былтыр Мемлекет басшысы Жолдауында «кітапханашы, музей қызметкер­лерінің жалақысы 2022-2025 ара­лығында жыл сайын 20 пайызға өседі» деп атап өтті. Дегенмен қа­зір­гідей қымбатшылықта бұл қаржының кітапханашылар үшін аса көп емес екені анық.
– Кітапханашылар күнінің белгіленуі маман­дардың мәрте­бесін көтеруге тікелей әсер етеді. Біз бұл күнді ұзақ күттік. Үкімет­тің қаулысы шыққан кезде кі­тапханашылардың қуанышын­да шек болмады. Бұл мереке алды­мыздағы ұлт­тық мереке Рес­публика күнімен тұспа-тұс ке­ліп тұр. Кі­тапханашылардың мәртебесін әлі де көтеруіміз керек. Әсіресе, еңбекақылары мен әлеуметтік жағдайына мән берсе. Кітап­ха­нада техникалық мамандар да, бағдар­ла­ма­шылар да жұмыс істейді. Олардың алатын табыс­тары күн көріске әрең жетеді. Тіпті, мемлекеттік бағдарламаға қа­ты­сып, баспана ала алмай жүр­гендері қаншама, – дейді Ұлттық академиялық кітапхананың бас­шысы Ғазиза Құдайберген.
Оның айтуынша, еңбек өтілі жоқ кітапханашылар қай кітап­ханада жұмыс істесе де 80-100 мың теңге ғана алады. Дегенмен бұл салаға қызығатын жастар да баршылық. Бірақ «кітапханашы» мамандығына жыл өткен сайын мемлекеттік грант аз бөлінуде. Ендеше үкімет тарапынан қолға алынған мереке келешекте осы олқылықтардың орнын толтыруы бек мүмкін. Халқымыз артық білім кітапта дейді. Бізге ең бірінші са­палы ұр­пақ керек. Осы орайда мемле­кеттің кітапхана­шы­лар­ға ерекше көңіл бөліп жатқаны – болашаққа жасалған игілік.