Республика күніне орай 1200 шара өтеді
Республика күніне орай 1200 шара өтеді
543
оқылды
Түркістан облысында республика күніне орай 1200-ден астам маңызды іс-шара өтуде. Бұл туралы өңірлік комуникация қызметінде өткен брифингте Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының басшысы Аңсар Өсербаев атап өтті.
Ұлттық мереке ретінде атап өтуді ұсын­ған. Осы ретте Ұлттық мерекенің тұжы­рымдамасы негізінде облыста 30 іс-шара­дан тұратын жоспар бекітіліп, аудан, қалаларда өтетін 1200-ден астам шараның 614-і өткізілді. Игілікті істер әлі де жалғасып жатыр. Мерейлі мереке барысында аудан, қалаларда әр саладағы еңбек сіңірген қызметкерлер, еңбек ардагерлері, ерлік көрсеткен азаматтар марапатталатын болады. Сонымен бірге, мереке күні облыс бойынша 7 430 орынға арналған 7 жаңа мектеп және спорт кешені сияқты маңызды нысандар халық игілігі үшін пайдалануға берілмек. Бұдан бөлек, жаңа аллеялар ашылып, тұрғын үйлер беріледі, бірқатар ауылдық округте таза ауызсу және табиғи газ іске қосылады, – деді Аңсар Жаңабайұлы.
Сонымен бірге, басқарма басшысы мереке қарсаңында облыстағы түрлі этнос өкілдері тарапынан әзірленген «Менің Отаным – Менің Қазақстаным» патриоттық челленджі аясындағы бейнеқұттықтау Қызылорда облысына жолданғанын атап өтті. Сонымен қатар, медиа-жоспарға сәйкес, «Республика мақтанышы» ай­дары аясында өңірдің дамуына еңбек сіңірген қайраткерлер туралы мақала­лар, естеліктер облыстағы газет-журнал­дарда жариялау жұмысы белсенді жүргізілуде. Республика күні мерекесі­нің тарихы мен маңыздылығы туралы бейнероликтер мен телехабарлар әзір­леніп, әлеуметтік желілер мен мессен­джерлерде орналастырылуда. Брифинг барысында Түркістан об­лысы мәдениет басқармасы басшы­сының орынбасары Асылхан Темірхан мәдени іс-шаралар туралы баяндады. 19-20 қазан күндері «Конгресс Холл» кешенінде халықаралық Voice of Turan қазақ әндері байқауы өткен. Сондай-ақ 22 қазан күні «Жаса, жайна Қазақстан!» салтанатты іс-шарасы ұйымдастырылып отыр.
– Облыстық кітапханаларда ұлттық мереке кең көлемде аталып өтпек. Ы.Алтынсарин атындағы балалар кітап­хана­сында 21-23 қазан күндері «Асқақ­тай бер, айбынды Қазақстан!» апталығы өтсе, «Фараб» әмбебап ғылыми кітап­ханасында 25 қазан күні «Республика күні – ұлттық мереке» атты мерекелік іс-шарасы және кітап көрмесі болады. Сонымен қатар 22-25 қазан күндері облыс көлеміндегі орталықтандырылған кітапханалар жүйесінде мерекелік кештер, тарихи сағаттар мен кеңейтілген кітап көрмелері өтеді, театрларда түрлі қойылымдар ұсынылады, – деді А.Темірхан.
Мереке аясында оқушылар, студент­тер және жастар ұйымдарының өкілдері арасында «Менің арманымдағы Қазақ­стан» тақырыбында республикалық эссе конкурсы, TuranBalafest үздік өнерпаздар телешоуы, сондай-ақ Абай ескерткішінің алдында ұлы ақынның шығармаларын оқу, «Күлтегін» зият­керлік ойын жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтеді. Бұдан бөлек, облыстық музейлерде 22-25 қазан аралығында мерекелік көрмелер, лекциялар, фото­көрмелер, танымдық ақпараттық кештер өтеді. Аудандық, қалалық мәде­ниет үйлері және орталық алаңдар мен саябақтарда салтанатты іс-шаралар мен мерекелік концерттер ұйымдастыру жоспарлануда. Сондай-ақ облыс орта­лығында «Қазақстан – бейбітшілік ме­кені» тақырыбында сурет салу байқауы өтеді.

Н.САЙЛАУҚЫЗЫ, Түркістан облысы