«Болашақ» бағдарламасының түлегі университеттің белсенді жастарымен кездесті
«Болашақ» бағдарламасының түлегі университеттің белсенді жастарымен кездесті
301
оқылды
Абай университетінің «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі Республика күніне орай «Болашақ» халықаралық бағдарламасының түлегі, әлеуметтік даму жөніндегі проректоры Шыңғыс Нұрлановпен білім алушылардың әлеуметтік әлеуетін жақсарту және тәрбие мен білім беруді үйлестіру бойынша белсенді жастар арасында жұмыс тәжірибесімен алмасу мақсатында кездесу өткізді. Шыңғыс Нұрланұлы  2010 жылы АҚШ-тың Вашингтон университетін бітіріп, «Болашақ» халықаралық бағдарламасы түлектерінің қауымдастығында жұмыс істеп, жастармен жұмыс істеуге белсене араласты. Кездесу барысында студенттерге «Болашақ» бағдарламасының қыр-сырын таныстырып және студенттік кезіндегі болған қызықты оқиғаларымен бөлісті. Сонымен қатар жастарға мерекенің тарихи маңыздылығы туралы түсінік беріп, оларды өз тарихымыз бен құндылығымызды сақтауға атсалысуға шақырды. Осы тұста, жастардың жеке дамуы мақсатында өзі оқыған бірнеше авторлардың кітабын оқуға кеңес берді. Жиын ашық форматта ұйымдастырылғандықтан, білім алушылар Шыңғыс  Нұрлановқа көкейінде жүрген сауалдарын еркін қойып, қанағаттанарлықтай жауап алды.