«Қазгидромет» синоптиктері 24 қазан, дүйсенбіге арналған ауа райы болжамын жариялады. Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа райына Батыс антициклоны ықпал етеді.
Сондықтан жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.
Елдің батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарында атмосфералық фронттар жүріп өтеді.
Осыған байланысты жаңбыр жауады, оңтүстіктің және оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады.
Қазақстан бойынша жел күшейіп, тұман түседі, көктайғақ болады.