Батыс Қазақстанда көлік өртеніп, жүргізушісі қаза тапты
Батыс Қазақстанда көлік өртеніп, жүргізушісі қаза тапты
Фото: ТЖД-нен алынды
6,124
оқылды
Батыс Қазақстанда автокөлік өртеніп, жүргізушісі қайтыс болды. Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, кеше Жаңақала ауданында өрт сөндіру бөлімінен 75 шақырым жерде көлік өртенді.
«Сағат 17.59-да Чапаев-Жаңақала жолының 55-шақырымында Toyota Hilux автокөлігі аударылды. Соның салдарынан автокөлік отқа оранды. Өрт сөндірушілер келіп жеткен мезгілде көлік түгелдей жанып кеткен. Құтқарушылар 1973 жылғы ер адамның мүрдесін алып шықты. Көлікте жалғыз болған ол қыстырылып, шыға алмай қалған», – деді департамент өкілі.
Полиция департаменті оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.