Павлодарда білім бөлімі ғимаратының шатырын жел жұлып әкетті
Павлодарда білім бөлімі ғимаратының шатырын жел жұлып әкетті
Фото: pavlodarnews.kz
263
оқылды
Павлодар облысында қатты жел соғып, аудандық білім бөлімінің екі қабатты ғимаратының шатырын ұшырып әкеткен. Бұл туралы Pavlodarnews.kz сайты хабарлады.
«Жел екпіні 184 шаршы метрлік шатырды жұлып әкетті. Бұл ғимарат 1967 жылы салынған, жалпы ауданы – 378 шаршы метр. Шатыры – ағаш қаптамадағы пішінді қаңылтыр», – делінген ТЖД хабарламасында.
Ведомство мәлімдеуінше, апаттан зардап шеккендер жоқ.