Қостанайда 12 жасар қыз автобус астына түсіп, қаза тапты
Қостанайда 12 жасар қыз автобус астына түсіп, қаза тапты
433
оқылды
Оқиға кеше қаладағы Абай даңғылында болған. Сотқа дейінгі тергеу басталды.
Соқтығыс салдарынан бала аса ауыр дене жарақаттарын алған. Полицияның хабарлауынша, ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы "Жол қозғалысы ережелерін бұзу" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Жүргізуші уақытша ұстау изоляторында. Полиция жүргізушілерді жолда абай болуға, жол ережесін сақтауға шақырады.