Қазақстанда коммерциялық пойыздағы төменгі және жоғары орынның бағасында 1 желтоқсаннан бастап 20 процент айырмашылық болады. Бұл туралы «Қазақстан темір жолы» компаниясының баспасөз қызметі хабарлады.
«Жолаушылар тасымалы» АҚ 2022 жылдың 1 желтоқсанынан 2023 жылдың 28 ақпанына дейін пилоттық режимде коммерциялық пойыздардағы жоғары және төменгі орындарға жол жүру ақысына жаңа тәсілді енгізеді. Жоғары және төменгі орындар арасындағы жолақы айырмашылығы 20 пайыз болады», – делінген ресми хабарламада.
Төменгі орындар мына бағыттағы жолаушылар пойызында қымбаттайды:
№111/112 «Алматы – Маңғыстау»;
№51/52 «Алматы – Орал»;
№105/106 «Алматы – Петропавл»;
№71/72 «Астана – Шымкент»;
№29/30 «Алматы – Атырау».