Кәрім Мәсімовті қамауда ұстау мерзімі тағы да ұзартылды
Кәрім Мәсімовті қамауда ұстау мерзімі тағы да ұзартылды
Фото: yandex.kz
309
оқылды
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімов пен оның орынбасарларын қамауда ұстау мерзімі ұзартылды. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитеті хабарлады. «Тергеу соты қамауда болу мерзімін К.Мәсімов пен А.Садықовқа 6 желтоқсанға дейін, Д.Ерғожинге 13 желтоқсанға дейін, М.Осиповке 22 желтоқсанға дейін ұзартты. К.Мәсімовке қатысты істі тергеу тамыз айында аяқталды», - делінген ресми ақпаратта. Бұған дейін ҰҚК бұрынғы басшысына қатысты қылмыстық іс аса құпия түрде тергелетінін хабарлаған болатынбыз.