«Бізде жалпы 20 шақты адамның іс-әрекеті (Қаңтар оқиғасы кезінде) жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастырушы ретінде сараланған. Оларға рақымшылық жасалмайды. Тек қана қатысушылар рақымшылыққа ілігеді. Қаңтар оқиғасында қылмыс жасағандардың басым бөлігі қатысушылар болып саналады. Олардың саны – шамамен 700 адам. Олардың бәріне рақымшылық жасалады. Жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастырған 20 адам рақымшылыққа ілінбейді», – деді Әсет Шындалиев.Осы орайда ол Қайрат Құдайбергенге ұйымдастырушы айыбы тағылғанын нақтылады. Биыл 7 қаңтарда Алматыда полицейлер «Дикий Арман» лақап атымен танымал Арман Жұмагелдиевті тұтқындады. Қайрат Құдайберген Қаңтар оқиғасы кезінде жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастырды деген күдікпен ұсталды.
Қайрат Құдайберген мен «Дикий Арманға» рақымшылық жасала ма?

321
оқылды
оқылды