Қайрат Құдайберген мен «Дикий Арманға» рақымшылық жасала ма?
Қайрат Құдайберген мен «Дикий Арманға» рақымшылық жасала ма?
Фото: exk.kz
403
оқылды
Бүгін Сенат отырысында "Рақымшылық жасау туралы" заң қабылданды, – деп хабарлайды Aikyn.kz. Биыл Қаңтар оқиғасында 20-ға жуық адам жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастырушы ретінде күдікке ілінді. Inform.kz-тің жазуынша, Сенатта өткен баспасөз мәслихатында журналистер Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиевтен Қаңтар оқиғасын ұйымдастырушылар санатына кімдер жататынын сұрады. Сондай-ақ кәсіпкер Қайрат Құдайберген мен «Дикий Арман» лақап атымен танымал Арман Жұмагелдиевтің осы санатқа қатысы бар-жоғын сұрады.
«Бізде жалпы 20 шақты адамның іс-әрекеті (Қаңтар оқиғасы кезінде) жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастырушы ретінде сараланған. Оларға рақымшылық жасалмайды. Тек қана қатысушылар рақымшылыққа ілігеді. Қаңтар оқиғасында қылмыс жасағандардың басым бөлігі қатысушылар болып саналады. Олардың саны – шамамен 700 адам. Олардың бәріне рақымшылық жасалады. Жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастырған 20 адам рақымшылыққа ілінбейді», – деді Әсет Шындалиев.
Осы орайда ол Қайрат Құдайбергенге ұйымдастырушы айыбы тағылғанын нақтылады. Биыл 7 қаңтарда Алматыда полицейлер «Дикий Арман» лақап атымен танымал Арман Жұмагелдиевті тұтқындады. Қайрат Құдайберген Қаңтар оқиғасы кезінде жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастырды деген күдікпен ұсталды.