Ғылым мен өндірісте үндестік керек – Жигули Дайрабаев
Ғылым мен өндірісте үндестік керек – Жигули Дайрабаев
290
оқылды
Бүгін Қазақстан президенттігіне кандидат Жигули Дайрабаев Қызылорда облысына келді. Кандидат Ы.Жақаев атындағы Қазақ күріш шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының ғалымдары және сала мамандарымен кездесіп, өңірдегі өзекті мәселелерді талқыға салды. Ел ырысына айналған Сыр күріші – өңір бренді саналатын өнім. Алайда соңғы жылдары Сырдария өзенінің арнасы тартылып, облыстың экологиялық және әлеуметтік-экономикалық жағдайы күрделеніп отыр. Судың тапшылығы, әсіресе күріш шаруашылығына кері әсерін тигізуде. Жигули Дайрабаев
«Көктем келсе, кетпенін сайлап егін егуге кірісетін диқан қауымының көңілі алаң. Су тапшылығы мәселесі жайбарақаттылықты көтермейді. Қамсыз егін егіп, су жетпей жатса, еңбектің еш кеткені емес пе?! Сондықтан біз су тапшылығы мәселесін мемлекеттік деңгейде шешуіміз керек. Ауыл шаруашылығы саласын әртараптандыру жайы көптен бері айтылып келеді. Дегенмен бұл іске білек сыбана кірісетін кез енді келгендей. Себебі  бір ғана күріш егумен еңбекші елдің несібесі артып, ел қамбасының тоқ болмайтыны айқын сезіле бастады», – дейді Жигули Дайрабаев.
Жигули Дайрабаев Сөз соңында Жигули Дайрабаев ғылым мен өндірісте үндестік керегіне баса назар аударды. Әсіресе, суармалы жүйеге негізделген өңір үшін қазіргідей су тапшылығы жағдайында, бұл – өте маңызды. Кандидаттың бастамаларын қолдаған шаруалар мен ғалымдар алдағы уақытта жүзеге асатын жобаларда бірлесе әрекет етіп, барлық тараптар үшін оңтайлы шешім қабылдауға дайын екенн жеткізді. Жигули Дайрабаев Кездесуден кейін кандидат Сырдария ауданына қарасты Нағи Ілиясов ауылының тыныс-тіршілігімен танысты. Бүгінде бұл ауыл береке-бірлік пен тынымсыз еңбектің арқасында аймақтағы ең көрікті елді мекенге айналған. Ауыл тұрғындарымен кездескен Жигули Дайрабаев өзінің сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарына тоқталып, көпшіліктің сұрақтарына жауап берді.