Ақмолада полицейлері гашиш тасымалдаған тұрғынды ұстады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері «Қарасора – 2022» іс-шарасының нәтижесінде, есірткі тасымалдаған адамды ұстады.
Жедел уәкілдер 44 жастағы жергілікті тұрғынның көлігін тоқтатты. Тінту барысында жолаушылар отыратын артқы орындықтан жалпы салмағы 2 келі 768 грамм гашиш салынған үш полиэтилен пакет салынған сөмкені тәркіледі. Оған қоса электронды таразы табылды.
Полицейлер тексеру жүргізіп жатыр.