URKER-2022: Анар Қоныс "Жылдың үздік репортажы" номинациясы бойынша жеңімпаз атанды
URKER-2022: Анар Қоныс "Жылдың үздік репортажы" номинациясы бойынша жеңімпаз атанды
1,395
оқылды
28 қазанда Астанада баспа, радио, интернет-журналистика саласындағы «URKER-2022» Ұлттық сыйлығының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.    width= Сыйлық алуға 500-ден астам өтінім келіп түсті. Материалдар 10 номинация және 3 арнайы сыйлық бойынша таңдалды. Құрамына беделді журналистер, медиаменеджерлер және халықаралық медиаэксперттер енген қазылар алқасы үздік жұмыстарды анықтады. 52 үміткердің ішінен «URKER-2022» Ұлттық сыйлығының жеңімпаздары: Жылдың үздік сұхбаты: Ая Өміртай – Halyq-uni.kz Жылдың үздік репортажы: Анар Қоныс Aikyn.kz Әлеуметтік тақырыптағы үздік материалы: Наима Нұрәлі – Halyq-uni.kz Жылдың үздік журналистік зерттеуі: Қазбек Құттымұратұлы – «Egemen Qazaqstan» республикалық газеті Жылдың үздік аналитикалық материалы: Валентина Қозыбақова – «Маңғыстау» газеті Халықаралық тақырыптағы үздік материалы: Сауле Исабаева – Qmonitor.kz Жылдың үздік жаңалықтар порталы: Zakon.kz Радиостанциядағы үздік жоба: «Ой – түйін» – Qazaq radiosy Жылдың үздік фотосуреті: Мейірбек Тажкуранов – Zakon.kz Үздік өңірлік БАҚ: «Saryarqa samaly» газеті Батыр Қазыбаев атындағы арнайы премия: Әйгерім Бегімбет – Еrnur.kz Ахмет Байтұрсынов атындағы арнайы премия: «Қырғыз әдебиеті» жобасы – «Таң-Шолпан» журналы Шерхан Мұртаза атындағы арнайы премия: Қали Сәрсенбай – «Ана тілі» газеті Әр номинацияның үздік өкіліне жеңімпаз атағы беріліп, «URKER-2022» естелік мүсіншесі және 1 000 000 теңге мөлшеріндегі ақшалай сый табысталады. 2017 жылдан бастап барлығы 3377 жұмыс сыйлық алуға келіп түсті, оның 300-і шорт-парағына енді. «URKER» ескерткіш мүсіншесінің иегерлері 80 адам үздік атанды. «URKER» – баспа, радио, интернет-журналистика саласындағы үздік жетістіктер үшін беріледі, аймақтардағы мультимедиялық журналистиканы дамытуға ықпал етуге, журналистика мәртебесін арттыруға, кәсіби стандарттар мен критерилерді бекітуге, азаматтық белсенділікті арттыруға бағытталған.  Ұлттық бәйге ұйымдастырушылары – ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі және «Медиа дамыту қоры» корпоративтік қоры. Іс-шараның демеушілері – «Қазақстан» РТРК» АҚ және «Хабар» Агенттігі» АҚ.