Түркияда жоғалып кеткен қазақстандық студент табылды
Түркияда жоғалып кеткен қазақстандық студент табылды
© әлеуметтік желіден алынды
2,299
оқылды
Түркияның Измир қаласында жоғалып кеткен қазақстандық студент бүгін табылды. Ақжолтай хабарды Қазақстанның Ыстамбұлдағы Бас консулы Alim Bayel жеткізді, – деп хабарлады әлеуметтік желідегі парақшасында белгілі журналист Ержан Төлек
Рауан Дарханұлы 22 қазаннан бері іздеуде болатын.
Ол Измир қаласындағы полиция бөлімшелерінің біріне жеткізілді. Қасында консулдық қызметкерлері мен анасы бар.
Бұған дейін Түркияда оқитын студенттің дәмханаға кірген бойы із-түзсіз жоғалғанын хабарлаған болатынбыз.