ЕҰУ Times Higher Education пәндік рейтингінің «Білім беру» бағытына кірген Қазақстандағы бірінші жоғары оқу орны
ЕҰУ Times Higher Education пәндік рейтингінің «Білім беру» бағытына кірген Қазақстандағы бірінші жоғары оқу орны
2,218
оқылды
Times Higher Education Ranking by Subject 2023 халықаралық пәндік рейтингінің нәтижелері жарияланды. Биыл Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті әлемдік рейтингте «Білім беру» пәніне кірген алғашқы қазақстандық жоғары оқу орны атанды. Осы бағыт бойынша ЕҰУ әлемдегі университеттер арасында 501-600 тобында жайғасты. Әлемдік университеттердің пәндік рейтингінде ЕҰУ «Инжиниринг» пәні бойынша отандық жоғары оқу орындары арасында көш бастап, 401-500 тобына енді. Университет «әлеуметтік ғылымдар» және «физика ғылымдары» сияқты пәндер бойынша өзінің позицияларын сақтап қалды. ЕҰУ 4 пән бойынша Times Higher Education Ranking by Subject 2023 әлемдік рейтингінде орын алды. Өткен жылмен салыстырғанда олардың саны көбейді.  Рейтинг - университеттің әлемдік жоғары оқу орындары арасында бәсекеге қабілеттілігінің артқанын және жаһандық ғылыми-білім беру кеңістігінде танымалдығы артқанын көрсетеді. ЕҰУ «Дәйексөз» индикаторы бойынша жоғары көрсеткішке ие болды. Times Higher Education пәндік рейтингінің тізіміне ЕҰУ-дан басқа тағы екі қазақстандық ЖОО кірді. Сонымен қатар тізімде танымал әлемдік университеттер  де бар: Оксфорд университеті, Гарвард университеті, Кембридж университеті, Стэнфорд университеті, Массачусетс технологиялық институты және басқалары. Рейтингте барлығы 11 пән ұсынылған: «Өнер және гуманитарлық ғылымдар», «Бизнес және Экономика», «Білім», «Заң», «Әлеуметтік ғылымдар», «Компьютерлік ғылымдар», «Инженерия», «Клиникалық ғылымдар және денсаулық», «Өмір туралы ғылымдар», «Физика ғылымдары», «Психология». Рейтинг әдіснамасына сәйкес университеттер рейтингінде 13 индикатор бойынша позицияларды есептеу кезінде ең маңызды факторлардың қатарында келесі қызмет түрлері бағаланады: 1) білім беру қызметі; 2) зерттеу қызметі; 3) дәйексөз; 4) өнеркәсіптен (инновациядан) түсетін табыс; 5) интернационаландыру.