Грэмми иегері Иманбек шаңырақ көтерді
Грэмми иегері Иманбек шаңырақ көтерді
Қазақстандық жалғыз Грэмми иегері Иманбек Зейкенов үйленді. Оның таңдаған жарының есімі – Айшабибі.
«Енді біз құда болдық. Біздің Айшабибіміз бен Иманбек отау құрды!» – деп жазды Бауыржан Жансейітов Facebook желісінде.
Дегенмен музыканттың өзі тойы туралы әлі ашып ештеңе айтқан жоқ және әлеуметтік желідегі парақшаларында үйлену тойы туралы ақпарат жариялаған жоқ.