Сыртқы істер министрлігі өкілі Сеулдегі жағдай туралы айтты. "Сеулде болған қайғылы оқиға туралы кейінгі мәліметтер бойынша, 151 адам қаза тауып, 82 адам зардап шеккен. Зардап шеккен Қазақстан азаматтары туралы ақпарат түскен жоқ", – деді СІМ өкілі.
ҚР Корея Республикасындағы елшілігінің консулдық бөлімі тәулік бойы жұмыс режиміне ауыстырылған. Кореялық құзыретті органдармен тұрақты байланыста болатын жедел штаб құрылған.
Консулдық бөлім жанындағы жедел штаб нөмірлері:
Жұмыс телефоны: +82 2 379 9714, +82 2 394-9716.
Ұялы телефон: +82 10 6682 2992, +82 10 6542 7771.
Электронды пошта: seoul@mfa.kz.
Мекенжайы: 53 Jangmun-ro, Yongsan-gu, Seoul, 140-809 서울시 용산구 장문로 53, 140-809.
Еске салайық, Сеулде Хэллоуинді тойлау барысында 50 адамның жүрегі тоқтап қалғаны болатын. Кейінірек қаза тапқандар саны артқаны белгілі болды.
ТЖМ қызметкерлерінің айтуынша, қаза тапқандарды анықтау біраз уақыт алады. Қаза болғандардың көпшілігі 20 жаста болған. Шенеуніктер жексенбіде сағат 10.30-дағы жағдай бойынша, қаза тапқандар арасында 19 шетелдік болғанын растаған. Қайтыс болған шетелдік азаматтар арасында Иран, Өзбекстан, Қытай және Норвегиядан келгендер болған.