Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, өткен тәулікте 15 адамнан коронавирус анықталды.
31 қазандағы мәлімет бойынша, Қазақстанда 830 адам коронавирустан (–681+ және 149 КВИ-) емделіп жатыр. Олардың ішінде 77 пациент стационарда, 753 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
2 адамның жағдайы ауыр,
4 пациенттің жағдайы өте ауыр,
1 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр.
Қазақстанда 10 842 957 адам коронавирусқа қарсы вакцинаның I компонентін, 10 604 927 адам II компонентін салдырды. Ревакцинациядан 5 609 347 адам өтті.