Кореяда Хэллоуин мерекесі кезінде ақтөбелік студент қыз қаза тапты – СІМ
Кореяда Хэллоуин мерекесі кезінде ақтөбелік студент қыз қаза тапты – СІМ
Фото: spiegel.de
960
оқылды
Кореядағы Қазақстан елшілігінің  мәліметінше, қаза тапқандар арасында Қазақстан азаматы да бар. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. Сеул қалалық жедел штабы мен полицияның мәліметінше, Итэвон ауданындағы Хэллоуин мерекесі кезінде қайғылы оқиға салдарынан қаза тапқандардың арасынан 1996 жылғы Ақтөбе облысының тумасы табылды. Ол Корея Республикасының жоғары оқу орнының студенті болған.
«Қазақстандық дипломаттар қаза тапқан азаматтың туыстарымен байланысқа шығып, құжаттарды ресімдеуге және мәйітті Қазақстанға одан әрі жеткізуге барлық қажетті көмек көрсетуге дайын» делінген ресми хабарламада.
Сеулде көптеген ойын-сауық орны шоғырланған Итэвон аймағындағы тар көшемен жылжыған адамдар есінен танып, бірін-бірі таптап кеткен. Кеше Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Корея Республикасының президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады.