Кандидат Қарақат Әбден бие сауды
Кандидат Қарақат Әбден бие сауды
261
оқылды
Семей маңындағы өндірістік кооперативтердің бірінде болған Президенттікке кандидат Қарақат Әбден «Ұлылар мекені Абай облысына келіп, балалық шағымды есіме алдым» деді. Төрт түліктің төлін баққан қазақ сүтін сусын, етін азық, өзін күш-көлік еткен. Осыны көкейіне түйіп, үлкендердің жолын қуған кандидат қолына шелек алып, бие сауды. -Үш бие – бұлақ, екі бие - ел асы, бір бие – жоқтың қасы» деген халқымыз. Сондықтан жас ұрпақ жылқы бағудың, оның ішінде бие сауудың айрықша қажеттігін түсіну керек», – дейді кандидат. Саумалдан қымыз пісудің сан қырын үйретуде маңызды. Кандидат ат басын бұрған өндірісте 80 бие сауылады. Күніне 400-500 литр қымыз дайындалады. Қарақат Әбден, президенттікке кандидат: – Ұлы Абайдың жеріне келіп, балалық шағымды есіме алып, өзім ауылда өскен, сиыр мен биені сауып өскен қазақтың қызымын ғой. Сондықтан біз үшін жылқы деген, қымыз деген өте ыстық, - деді Қарақат Әбден.