ІІМ көлік жүргізушілеріне дөңгелек ауыстыру керек екенін ескертті  
ІІМ көлік жүргізушілеріне дөңгелек ауыстыру керек екенін ескертті  
Фото: smartik.ru
635
оқылды
Ішкі істер министрлігі көлік жүргізушілеріне ауа райының құбылуына байланысты көлігінің дөңгелегін қысқы дөңгелекке ауыстыруы керек екенін ескертті.
«Қыс мезгілі басталғанда көлік қозғалысына ерекше назар аудару қажет. Заңнамаға сәйкес, қыста (желтоқсан, қаңтар, ақпан) көліктерге жазғы дөңгелекпен жүруге тыйым салынады. Қысқа арналған дөңгелек көліктің барлық дөңгелегіне орнатылуы (төртеуі де – ред.) керек», – деді ІІМ өкілі.
Құбылмалы ауа райында алыс жолға шықпаған жөн.