Түркістан облысының Қазығұрт ауданындағы екі ауылда ұсақ малдан бруцеллез анықталды. Осыған байланысты елді мекендерде шектеу шаралары жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
"Түркістан облысы Қазығұрт ауданы Алтынтөбе ауылдық округі Қаржан елді мекені Ө.Тілеубаев кошесі №1-17 үйлерінің аумағында ұсақ малдар арасында бруцеллез ауруының пайда болуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін", - деп көрсетілген аталған ауылдық округ әкімінің шешімінде .
Сонымен қатар, Қазығұрт ауданына қарасты Қызылата ауылында да шектеу жарияланды.
"Түркістан облысы Қазығұрт ауданы Сабыр Рақымов ауылдық округі Қызылата ауылы Ә.Дәулетұлы көшесіндегі № 94, 95, 98, 101, 104, 106, 110, 111 үйлердің аумағына мүйізді ұсақ малдардан бруцеллез ауруының шығуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін", - делінген ашық талқыға шағарылған ауылдық округ басшысының шешімінде.