Бүгін түнде Қарағанды облысы Шахтинск қаласында Ленин атындағы шахтада апат болды. Төрт кенші қаза тапты.
3 қараша күні сағат 3.03-те «Арселор Миттал Теміртау» АҚ Көмір департаментінің Ленин атындағы шахтасында апат болды.
«Оқиға болған кезде шахтада 106 кенші болды. 101 адам жер бетіне көтерілді. 5 адам (бағаналы бөлік жұмыскерлері) көтеру торларының жұмыс істеуі үшін қалды», – деп мәлімдеді әкімдік.
Шахтадан 4 қызметкердің денесі табылды. 4 адам жер бетіне шығарылған соң Шахтинск қаласының Орталық аудандық ауруханасына жеткізілді.
Оқиға орнында облыс әкімі, қала басшысы және компания жетекшілері, «Көмір» ӘҚҚҚ авариялық-құтқару қызметі апаттың мән-жайын анықтау үшін жұмыс істеп жатыр.