Қарағанды облысындағы шахтада болған апат: қаза тапқан 5 адамның аты-жөні жарияланды
Қарағанды облысындағы шахтада болған апат: қаза тапқан 5 адамның аты-жөні жарияланды
Фото: Tengrinews/Тұрар Қазанғапов
Қарағанды облысының әкімдігі «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-на тиесілі Ленин атындағы шахтада қайтыс болғандардың аты-жөнін жариялады. Әкімдік ұсынған құжатта газ атылған соң бес адамның шахтадан шыға алмай қалғаны жазылған. Олар:
Қашкей Арман Қадыржанұлы, 1993 жылы туған, ата-анасы қалды – АШМДБ учаскесі бастығының көмекшісі міндетін атқарушы (негізгі қызметі – бұрғылау қондырғысының машинисі); Бойченко Дмитрий Игоревич, 1991 жылы туған, анасы қалды – бұрғылау қондырғысының машинисі; Ынтықбеков Марғұлан Серікұлы, 1998 жылы туған, әкесі қалды – USM ЖШС бұрғылау қондырғысы машинисінің көмекшісі; Санжаров Андрей Павлович, 1980 жылы туған, ата-анасы мен екі баласы қалды – бұрғылау қондырғысының машинисі; Инкин Денис Анатольевич, 1984 жылы туған, әкесі, әйелі, қызы, қамқорлығындағы тағы бір адам қалды  – бұрғылау қондырғысының машинисі.
Сондай-ақ шахтадағы метанның бөлінуінен зардап шеккендердің жағдайы туралы хабарланды. Төрт жұмысшы Шахтинск қаласындағы ауруханаға жеткізілген. Олардың екеуіне сүйек сынығы диагнозы қойылса, тағы екеуі басынан жарақат алған.

Бұған дейін Қарағанды облысы Ленин шахтасында апат болып, 4 кенші қаза тапқанын хабарлаған болатынбыз.

 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от КАРАГАНДА • 09 РЕГИОН (@ugolnaya_stolica)