«Әр жерде екі адамнан еңбек етті. Тағы бір кенші жұмысты басқарды. Төтенше жағдай болған жерге келген кезде біз үш адамның денесін таптық. Біраз уақыттан кейін екінші нүктеде – тағы бір марқұмды, сонан соң қаза болған бесінші кеншіні тауып алдық. Оқиға кенеттен болғандықтан, кеншілер өзін-өзі құтқару құрылғыларына қосылып үлгермей қалған», - деді “КӘАҚҚ РОШ" ЖШС Қарағанды филиалы директорының орынбасары Жұмат Өкенов.Апат орнында үйінділер мен құлаған қабырғалар болмаған. Еске салсақ, 3 қарашада сағат 03.03-те Ленин атындағы шахтада газды дренажды ұңғымаларды бұрғылау кезінде кенеттен метан шыққан. Апат кезінде жер астында 106 адам болған. 101 эвакуацияланды. Бес адам қаза тауып, төртеуі зардап шекті.
850 метр тереңдікте болған: құтқарушылар шахтадағы қайғылы оқиғаның мән-жайын айтып берді

178
оқылды
оқылды