Сыр еліне Ақпарат және қоғамдық даму министрі келді
Сыр еліне Ақпарат және қоғамдық даму министрі келді
279
оқылды
Бүгін ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі Сыр еліне жұмыс сапарымен келді. Министр сапар барысында облыс тұрғындарымен кездесіп, жұмыс сапасын мән-маңызын түсіндірді. Қызылорда қаласындағы «Достық үйінде» өткен жиында облыс әкімінің орынбасары Нұрымбет Сақтағанов Мемлекет басшысының бастамасымен аймақтың негізгі салаларында атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады.  width= Жиында министр Дархан Қыдырәлі  ақпарат, азаматтық қоғам, дін, жастар және этносаралық қатынас төңірегінде баяндады. Өңір халқына елімізде Қорқыт ата туралы тарихи сериал түсіріліп жатқаны жайында жағымды жаңалығымен бөлісті. Өз кезегінде  аймақ халқының ұсыныс-тілектерін тыңдады. Содан соң азаматтармен жеке қабылдау өткізіп, тұрғындар тарапынан көтерілген мәселелер назарында болатынын жеткізді. Сапар барысында Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде болып, журналистика факультетінде оқып жатқан студенттермен кездесті. Облыс орталығындағы Жастар ресурстық орталығының жұмысымен де танысты.  width= Келесі кезекте Сыр журналистерімен келелі кездесу өткізіп, саланың бүгіні мен келешегі төңірегінде ой тарқатты. Министр елімізде БАҚ туралы жаңа заң жобасы аясында жедел ақпарат алуы үшін арнайы ереже қарастырылатынын жеткізді.

Ербақыт ЖАЛҒАСБАЕВ

Қызылорда облысы