Орал тұрғыны үй аламын деп 21 миллион теңгесінен айырылды
Орал тұрғыны үй аламын деп 21 миллион теңгесінен айырылды
Фото: dalanews.kz
1,191
оқылды
Орал тұрғыны 21 миллион теңгеге үй алмақ болған. Батыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің мәліметінше, аталған тұрғын құрылыс компаниясының директорына таунхаустан үй алу үшін алдын ала 21 миллион теңгесін берген. Бірақ элиталық тұрғын үй алмаған. Ақшасын да қайтармаған. Осылайша, компания директоры алдау жолымен оның 21 миллион теңгесін иемденіп кеткен. Өзінің ақшасын ала алмай әрі үй салынбаған соң 53 жастағы тұғын полицияға шағым түсірді. Қазіргі кезде ҚК 190-бабы 3-бөлігіне (алаяқтық) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктіден ешқайда кетпеу туралы қолхат алынды.