Грек-рим күресінен 67 келідегі Мейіржан Шермағанбет 1/8 финалда Иран балуаны Мохаммад Жавад Саадатты 14:5 есебімен жеңді.
Мейіржан Шермағанбет пен Шамиль Ожаев Азиаданың ширек финалына өтті
Фото: gov.kz
243
оқылды

Аичи-Нагоядағы жазғы Азия ойындарында күрес түрлерінен бәсекелер басталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

87 келідегі Шамиль Ожаев та алғашқы айналымда Иран өкілі Голамреза Фарохисенжанимен 6:6 есебімен түскенімен, соңғы нәтижелі әдісті жасаған отандасымыз жеңімпаз деп танылды.

Ал әйелдер арасында әлем чемпионатының бірнеше дүркін жүлдегері, Жәмила Бақбергенова бірінші айналымда Ами Ишиден (Жапония) 2:9 есебімен есе жіберді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.