Қарақат Әбден Республикалық сайлауалды штаб өкілдерімен кездесті
Қарақат Әбден Республикалық сайлауалды штаб өкілдерімен кездесті
478
оқылды
Бүгін президенттікке үміткер Қарақат Әбден Республикалық сайлауалды штабында жұмыс жүргізіп, үгіт-насихат науқанының барысымен танысты. «Үміткер сайлауалды жұмыс сапарымен ел өңірлерін аралап жүр. Бүгінге дейін сайлаушылармен 20-дан астам кездесу өткізілді. Қосшы, Қарағанды, Екібастұз, Павлодар, Семей, Талғар, Есік, Ақтөбе қалалары қамтылды. Сондай-ақ ауылдар мен аудандар да назарсыз қалмады. Бұдан, бөлек Қарақат Әбденнің сенімді өкілдері мен жергілікті штаб басшылары да үгіт насихат-жұмыстарын белсенді жүргізіп жатыр. Жалпы, республика бойынша үміткердің 20 сайлауалды штабы бар, 2000-ға жуық ерікті жұмылдырылды. Үлкен аудан орталықтарында да штабтар жұмыс жүргізуде», – деп жеткізді Республикалық штаб басшысы Арман Оразқұлов. Еске салсақ, елімізде Президент сайлауы 20 қараша күні өтеді. Алдағы уақытта оның Қызылорда, Ұлытау, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстары сайлаушыларымен кездесу өткізетіні мәлім.