Журналистерге арнайы мәртебе беріледі – Дархан Қыдырәлі
Журналистерге арнайы мәртебе беріледі – Дархан Қыдырәлі
Фото: facebook.com/aqparatqogam
325
оқылды
Елімізде журналистердің мәртебесін белгілейтін заң жобасы дайындалып жатыр. Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі Түркістан облысындағы БАҚ басшыларымен кездесуінде айтты, – деп хабарлады Halyq Uni. Жиында ведомство басшысы көпшілікті бүгінгі күні министрлік тарапынан атқарылып жатқан жұмыстармен таныстырды. Сондай-ақ, журналистерді дайындау мен біліктілігін арттыру және статусын көтеру тұрғысынан іске асатын жобалар туралы айтты.
Мәжіліске ұсынылуы жоспарланып отырған масс-медиа туралы заңның басым бағыты бұл журналистердің статусын көтеруге бағытталған. Біріншіден, журналистерге әлеуметтік жағдай жасау көзделіп отыр. Бірақ, бұл журналистің сөз бостандығын шектемейді. Жеңілдетілген несие алуына, баспанамен қамтылуына мүмкіндік береді, – деді Дархан Қыдырәлі.
Сондай-ақ, министр заң жобасына сәйкес БАҚ өкілдерінің ақпаратқа қолжетімділігі артатындығын жеткізді.
Журналиске берілетін жауаптың мерзімін қысқартуды ұсынып жатырмыз. Журналист журналистік зерттеуге қатысты кез келген ақпаратты оңай алуы керек, – деді министр.
Сондай-ақ кездесу барысында Дархан Қуандықұлы бас редакторлардың ұсыныстарын тыңдап, аудандық, қалалық басылымдардың жай-күйіне қатысты туындаған сұрақтарға жауап берді.