Алматыда есірткі сатқан порностудия иесі ұсталды (видео)
Алматыда есірткі сатқан порностудия иесі ұсталды (видео)
207
оқылды
Алматыда есірткі сатқан порностудия иесі ұсталды. Жедел әрекет есірткі қылмысына қарсы күрес бөлімшесінің қызметкерлері Алматыдағы түнгі клубтардың бірінде 20 жастағы В. есімді ер адамды ұстады.
"Ол жұмыс орнында ұсталды. Жеке тінту барысында күдіктіден клиентке сатпақ болған синтетикалық есірткі салынған бума тәркіленді. Мәміле болған жоқ. Сараптама қорытындысына сәйкес, есірткі психотроптық зат меткатинон - 4 метилметкатинон (мефедрон) аналогі. Сонымен қатар  осы клубтың тұрақты келушілерінің бірі – 26 жастағы М. есімді адамға қатысты да жедел және арнайы іс-шаралар өткізілді. Оның тұрғылықты жері бойынша рұқсат етілген тінту жүргізілді. Тұрғын үйдегі кәдімгі пәтер есірткі тұтынатын адамдардың орнына айналған. Сол жерде 6 адам ұсталды. Қазір олардың жеке басы тексеріліп жатыр", – деді Алматы қалалық ПД Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының басшысы Ерлан Әлмағамбетов.
Жедел уәкілдердің айтуынша, есірткі тұтынатын орынның иесі порностудияны да құрған. Ол Алматы қаласының элиталық шағынауданында орналасқан.
"Онда 18 және 22 жастағы екі қыз жұмыс істеген. Жедел деректерге сәйкес, олар – нашақорлар. М. есімді ер адам оларды есірткімен қамтамасыз еткен. Порнографиялық мазмұндағы видеолар таратылатын WEBKAM студияны ер адам бірнеше ай бұрын құрған. Қазір оның әрекетін   Қылмыстық кодекстің 311-бабы бойынша саралау мәселесі шешіліп жатыр. Негізгі қылмыстық іс   Қылмыстық кодекстің 297-бабы 1-бөлігі бойынша соталды тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді", –  деді Әлмағамбетов.