Бұрынғы мемлекеттік қызметкер астаналықтарды 45 миллион теңгеге алдап кеткен
Бұрынғы мемлекеттік қызметкер астаналықтарды 45 миллион теңгеге алдап кеткен
331
оқылды
Алматыда жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында алаяқтық жасады деген күдікпен 33 жастағы әйел ұсталды, - деп хабарлайды Астана қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі. Олардың айтуынша, әйел Астананың екі тұрғынының 45 миллион теңге ақшалай қаражатын алаяқтық жолмен иемденіп алған. Мемлекеттік органның бұрынғы қызметкері болғандықтан ол елорда тұрғындарына ақылы түрде мемлекеттік бағдарлама бойынша пәтер алуға көмектесуге уәде берген. Күдікті жәбірленушілерден сыйақыны бірнеше бөліп алған, ал жалпы сома - 45 миллион теңге. Сонымен қатар, әйел олардың әрқайсысына екі пәтер алуға кепілдік берген. Күдікті алаяқтық жасағанын мойындады, ол ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оған қатысты ҚР Қылмыстық кодекстің 190-бабы 4-бөлігі (аса ірі мөлшерде жасалған алаяқтық) бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ, оның елорда аумағында жасалған осындай қылмыстарға қатысы бар екені анықталды. Полиция қызметкерлерінің айтуынша, мұндай қылмыс үшін мүлік тәркіленіп, бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыра отырып жазаланады. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!