Қайрат Беркінбаев жайында жан тебірентерлік жазба жарияланды
Қайрат Беркінбаев жайында жан тебірентерлік жазба жарияланды
©tengrinews.kz
116,512
оқылды
Танымал тележурналист Ләйлә Сұлтанқызының жолдасы, белгілі кәсіпкер Қайрат Беркінбаев кеше бақилық болған еді. Қайғылы қазадан кейін марқұмның бұрынғы жары Меруерт Беркінбаева Instagram парақшасында бұрынғы күйеуіне арнап жан тебірентерлік жазба жариялады. Қайрат Шерәліұлы Беркінбаев 57 жасында өмірден өтті. Қиналып арқа сүйерім, Жердегі мықты тірегім. Кеткенің бе жаным, Сенсіз қалай жүремін? Асылдардың бірі едің, Көзімнің аппақ нұры едің. Iздемей сені, асылым, Шыдар ма екен жүрегім? Сене алар емеспiн… Мәңгілік жүрегімдесің, – деп жазды Меруерт Беркінбаева желідегі парақшасында. Қайрат Беркінбаев – кәсіпкер, Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының Медициналық орталығы «Оқжетпес» емдеу-сауықтыру кешені АҚ президенті қызметін атқарған. Марқұм III дәрежелі "Барыс" мемлекеттік орденінің иегері.