iPhone 14 Pro және Pro Max-ты сатып алу қиындай түсті
iPhone 14 Pro және Pro Max-ты сатып алу қиындай түсті
iPhone 14 Pro және iPhone 14 Pro Max модельдері. Фото Agencies сайтынан алынды
Apple өзінің iPhone 14 сериясын, оның ішінде iPhone 14 Pro және iPhone 14 Pro Max модельдерін қыркүйекте таныстырды. Алғашқы 2 айда жаңа iPhone смартфондары тапсырыс берушілерге уақытында жеткізіліп келді. Қазір жағдай өзгерген. SlashGear сайтында тұтынушылар iPhone 14 Pro және Pro Max тапсырыстарын алу үшін енді әдеттегіден ұзақ күтетіні жарияланды. Бұл туралы SlashGear сайтына сілтеме жасап Aikyn.kz хабарлайды. Рисунок2Жаңа модельдерді күту уақыты ұзарды. Фото Shutterstock сайтынан алынды   [caption id="attachment_226140" align="aligncenter" width="1794"]Рисунок3 Тапсырыстарды жеткізу уақыты жылдам болмайды. Фото Shutterstock сайтынан алынды[/caption]
Күту уақытының ұзарғаны Қытайдағы логистиканың қиындықтарына байланысты. iPhone зауыты орналасқан қалада қозғалыс тізбектері COVID-19-ға байланысты шектелген.
Пандемия жаһандық жеткізу тізбегіне қатты соққы бергені мәлім. Салдарынан әлемдік технология мен автомобиль өнеркәсібі әлі қалпына келе алмады. Ахуал жалпы жақсарғанына қарамастан, вирус әлі де проблемалар туғызуда. Apple жаңа екі Pro моделіне сұраныс жоғары екенін айтады. Сондықтан жаңа тапсырыстарды жеткізу уақыты әдеттегіден ұзақ болатынын ескертеді. [caption id="attachment_226141" align="aligncenter" width="1225"]Рисунок4 COVID-19-дың өршуіне байланысты Foxconn зауытының жұмысшылары үйлеріне қайтуға шешім қабылдады, 2022 жылдың 30 қазаны. Фото Getty Images сайтынан алынды[/caption] 2 қарашада Reuters агенттігі Қытайдағы Чжэнчжоу қаласы COVID-19-дың ықтимал өршуіне байланысты тағы да уақытша шектеулер енгізілгенін хабарлады. Apple iPhone телефондарының көпшілігін шығаратын Foxconn зауыты 13 миллионға жуық халқы бар Чжэнчжоуда орналасқан.
Енді зауыттың жұмыс ырғағының бұзылуы iPhone өндірісіне қалай әсері етеді деген сұраққа Apple ресми жауап берді. Компания бұл жағдай «iPhone 14 Pro және iPhone 14 Pro Max өндірісіне уақытша әсер еткенін және өнімділіктің айтарлықтай төмендегенін» мойындаған.
Apple бұл мәселе бойынша Foxconn-мен жұмыс істеп жатқанын айтқанымен, бірақ прблемалық түйін қашан шешілетіні туралы ешқандай ақпарат бермеді.