Жайық пен Қиғаш өзенінің тартылуы күрделі мәселе болып отыр – Тоқаев
Жайық пен Қиғаш өзенінің тартылуы күрделі мәселе болып отыр – Тоқаев
Фото: uralskweek.kz
701
оқылды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев  Атырау облысына жұмыс сапарымен барды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды. Мемлекет басшысы жергілікті жұртпен жүздесуінде экология мәселесіне тоқталды. «Жайық және Қиғаш өзендерінің тартылуы күрделі мәселе болып отыр. Қазір екі өзеннің сағасындағы судың тереңдігі – небәрі 30-40 сантиметр. Бұл жағдай бекіренің уылдырық шашуына кедергі келтіруде. Сондықтан  Үкімет осы өзендердің сағасын тереңдетуді қамтамасыз етуге тиіс. Құзырлы мекемелер балық қорын сақтау үшін браконьерлермен күресті күшейтуі керек. Биылдың өзінде облыста осыған қатысты 2,5 мың әкімшілік және 52 қылмыстық іс қозғалды. Заңсыз ауланған 14 тонна балық тәркіленді. Өкінішке қарай, осындай заңсыздық тыйылмай тұр. Бұл – табиғатты қорғауға жауапты органдардың жұмысында олқылықтар бар деген сөз», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.