Алматы қалалық ТЖД көпқабатты үйлердің бірінде лифтінің құлауына қатысты ақпаратты жоққа шығарды
Алматы қалалық ТЖД көпқабатты үйлердің бірінде лифтінің құлауына қатысты ақпаратты жоққа шығарды
Алматыда қалалық Төтенше жағдайлар департаменті көпқабатты үйлердің бірінде лифтінің құлауына қатысты ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Inform.kz.
«Оқиға орнына Бостандық ауданы төтенше жағдайлар бөлімінің жауапты инспекторы барды. Лифт құлады деген ақпарат расталмады, «Премьер лифт» сервистік компания өкілінің айтуынша, лифт 14-қабатта жабылып қалған, лифтіде қалып қойған осы үйдің 7-қабатында тұратын 1996 жылы туған тұрғын шығарылды. Ол зардап шеккен жоқ»,- деп хабарлады ведомстводан.
Бұған дейін бұқаралық ақпарат құралдарында Құсайынов көшесіндегі көпқабатты тұрғын үйлердің бірінде жеделсаты тросы үзіліп, 13-қабаттан төменге құлап кеткені туралы ақпарат тараған болатын. Лифтіде жүкті келіншек болғаны айтылды.