Үй сатып алу сиреді
Үй сатып алу сиреді
230
оқылды
Биылғы қазанда тұрғын үй сатып алу және сату бойынша 34 336 мәміле жасалған, оның ішінде жеке үйлер бойынша тіркелген мәмілелер саны – 7 980, ал пәтерлер бойынша жасалған мәмілелер саны – 26 356. 2022 жылғы қыркүйекпен са­лыстырғанда (36 241) тұрғын үй сатып алу-сату мәмілелерінің саны 3,8%-ға кеміді. Мәмілелер саны бойынша бұрынғыдай Алматы (7 133 немесе жалпы са­нынан 20,7%) мен Астана (5 670 немесе жалпы санынан 16,5%) қалалары көш бастап тұр. Алып сатудың ең аз саны Ұлытау об­лысында – 322 (жалпы көлем­нен 0,9%). Қыркүйек айымен салыс­­тыр­ғанда ең көп өсім қазан айын­да Алматы қаласында (12,5%), Ба­тыс Қазақстан (9,3%) және Қос­танай облыстарында (7,1%) тір­келді. Ал Қызылорда (-36,7%) және Түркістан (-17,2%) об­лыс­тарында көрсеткіш, керісінше айтарлықтай төмендеген. Биылғы қыркүйек айымен салыстырғанда көппәтерлі үйлердегі алып-сату келісім­де­рінің саны 980-ге азайды. Де­генмен жеке үйлерге қарағанда пәтерлерге сұраныс көп: қазан айында барлығы 26 356 пәтер сатылды, бұл – мәмілелердің жал­пы санының 76,8%-ы. Бөл­мелер саны бойынша 1 бөлмелі пәтерлер қатарынан үшінші ай сұраныста қалып отыр. Қазан айында бір бөлмелі 10 515 пәтер ресімделді, сауданың негізгі үлесі Алматы және Астана қала­ларына (жиынтық үлесі – 55,4%) тиесілі. 2 бөлмелі пәтер бойынша 9 294 мәміле жасалды. 2022 жылдың қыркүйегімен салыстырғанда жеке тұрғын үй­лер бойынша мәмілелер саны Солтүстік Қазақстан облысы (+5) мен Қостанай (+50) облыс­тарында ғана өсті, қалған барлық өңірде төмендеу байқалады. 2021 жылғы қазанмен салыс­тырғанда мәмілелер саны 22,8%-ға азайды. Көрсеткіштің ең қат­ты төмендеу құбылысы Шығыс Қазақстан облысында байқалды (-56,1%). Теріс көрсеткіш Алма­ты қаласынан өзге барлық өңірде тіркелді, Алматы шаһарында мә­мілелер саны былтырғы қазан айы­мен салыстырғанда, кері­сінше 9,1%-ға өскен.

А.ҚАЗАҚ