Шымкентте үш баланың анасы өзін өлтірмек болды (видео)
Шымкентте үш баланың анасы өзін өлтірмек болды (видео)
905
оқылды
Шымкентте полиция қызметкерлері 5 қабатты үйдің төбесінен секірмек болған әйелді құтқарды. 102 нөміріне "Адия" тұрғын үй кешенінің тұрғындарынан қоңырау түсті. Олар белгісіз адамның көпқабатты үй төбесіне көтеріліп, өз-өзіне қол жұмсамақ болғанын хабарлады. Кезекші жедел түрде патруль полиция полкінің барлық экипажына хабарлама жіберді. Шақыруға бірінші болып 1-рота қызметкерлері Қанат Бишинов пен Бейбіт Нұрпейісов келді. Патруль полиция қызметкерлері бірнеше минут ішінде өз өмірлерін қатерге тігіп, көпқабатты үй төбесіне көтеріліп, әйелді әңгімеге тартты. Олар оның назарын аудару арқылы ойынан қайтарып, құтқарып қалды. Қала тұрғыны аудандық полиция басқармасына жеткізілді. Әйелдің үш баласы бар екені белгілі болды. Әңгімеден кейін полиция қызметкерлері оны күйеуіне тапсырды. Өз кезегінде жұбайы тәртіп сақшыларына қызметі үшін алғыс айтты. Әйел қазір отбасымен бірге.