Риддерде оқушылар дүйсенбіден бастап мектепке барып оқиды
Риддерде оқушылар дүйсенбіден бастап мектепке барып оқиды
233
оқылды
Риддердегі төтенше жағдай бойынша құрылған жедел штабтың мәліметіне сәйкес, 12 қарашада жылу электр орталығындағы жағдай тұрақты. Осыған байланысты қала оқушылары алдағы дүйсенбіден бастап мектепке барып оқиды.
12 қарашада жылу электр орталығындағы жағдай тұрақты.Қазіргі уақытта орталықтағы үш орташа және бір жоғары қысымды қазандық жұмыс істеп тұр. Қалаға жіберілген жылу температурасы 63 градус. Мектептер мен балабақшалардың жұмысы туралы мәселе шешілді. Дүйсенбіден бастап білім беру мекемелері штаттық режимде жұмыс істейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Риддердегі төтенше жағдай бойынша құрылған жедел штабқа сілтеме жасап.