Таразда балабақша мен мектептер жұмысын тоқтатты
Таразда балабақша мен мектептер жұмысын тоқтатты
Фото: myseldon.com
823
оқылды
Жамбыл облысы Тараз қаласында ауа райына байланысты мектеп, балабақшалардың жұмысы уақытша тоқтатылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz. Мектептерде 1 және 2-ауысым үшін сабақ болмайды. Тараз қаласы білім бөлімі мұндай шешімді министрліктің бұйрығын және Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің ескерту хатын негізге ала отырып, қолайсыз ауа райында оқушылардың өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында қабылдады.
«2022 жылдың 15 қарашасы күні бөбекжай бақшалар үшін оқу-тәрбие процесі және жалпы орта білім беретін мекемелердің І-ІІ ауысым үшін сабақ тоқтатылады», – делінген басқарманың ресми хабарламасында.
Бұған дейін бүгін ауа райы күрт құбылмалы болатынын хабарлаған болатынбыз.