Қазақстандықтар желтоқсан айында қанша күн демалады?
Қазақстандықтар желтоқсан айында қанша күн демалады?
Биыл желтоқсанда бұрнағы жылдармен салыстырғанда, мереке күндері азайды, деп хабарлайды Zakon.kz. Сонымен, 1 желтоқсанда атап өтілетін Тұңғыш Президент күні мемлекеттік мерекелер қатарынан алынып тасталды. Биылдан бастап бұл күн – жұмыс күні. Тәуелсіздік күні биыл тек бір күн – 16 желтоқсанда тойланады. Сонымен желтоқсанда Тәуелсіздік күні қарсаңында:
- бес күн жұмыс істейтіндер – 16, 17, 18 желтоқсан (жұма, сенбі, жексенбі); - алты күн жұмыс істейтіндер – 16, 18 желтоқсан (жұма, жексенбі) демалады.
Жалпы желтоқсан айында бес күндік жұмыс аптасында 10 демалыс күні, ал алты күндік жұмыс аптасында 5 демалыс күні бар. Биылғы жаңа жыл сенбі (31 желтоқсан) және жексенбі (1 қаңтар) күндеріне сәйкес келеді. Екі күн де ​​қазақстандықтар жұмыс істемейді.