Петропавлда әйел жиенін полицейдің қолына ұстатып жіберген
Петропавлда әйел жиенін полицейдің қолына ұстатып жіберген
Фото: ПД-нен алынды
1,623
оқылды
Петропавлда 39 жастағы әйел басқа қалаға жұмысқа кеткен қызының сәбиінен бас тартты. Бұл туралы Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаменті хабарлады. Үш айлық баланы полиция инспекторына беріп жіберген. 15 қараша күні Петропавл қалалық полиция басқармасының ювеналдық полиция бөлімшесіне қорғаншылық және қамқоршылық бөлімінен хабарласқан. Маман облыс орталығының 39 жастағы тұрғыны 3 айлық жиенінің тағдырын шешуге көмек сұрағанын айтқан. Оның айтуынша, сәбидің 18 жастағы анасы қазан айының соңында басқа қалаға жұмысқа кеткен және осы уақытқа дейін оралмаған. Әжесі мемлекеттік органдардан баланы үйден алып кетуді сұраған. Ювеналдық полиция бөлімшесінің қызметкерлері мекенжайға барып қажетті актіні толтырды, кейін қыз бала Петропавлдағы облыстық көпбейінді балалар ауруханасына орналастырылды. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері сәбидің анасының жүрген жерін анықтап жатыр. Оның ісі ата-ана міндетін тиісті орындамағанын комиссия тексеріп, әкімшілік шара қолданылмақ.