Петропавлда болған жарылыстың видеосы пайда болды
Петропавлда болған жарылыстың видеосы пайда болды
366
оқылды
Петропавлда көлік жөндеу стансасында жарылыс болып, 9 адам жарақаттанды. Желіде жарылыстың видеосы пайда болды. Алдын ала мәліметтер бойынша, жарылысқа себеп – газ баллоны құрылғысынан газдың ауаға бөлінуі. Ол ТЖО ғимаратында тұрған жеңіл көлікке орнатылған. Жарылыстан соң ғимарат отқа оранып, ортасына түскен.
"Оқиға орнында тоғыз адам зардап шекті. Олардың кім екені және алған жарақаттарының ауырлық дәрежесі анықталып жатыр. Өртті жоюға жеке құрамнан 43 адам мен 10 техника жұмылдырылды", – деп хабарлады ТЖД баспасөз қызметі.
https://www.youtube.com/watch?v=scJcnTQrpz8&feature=emb_title Құрбан болғандар жоқ. Материалдық залалдың көлемі мен оқыс жайттың себебі алда анықталатын болады.